Білім

Балдырған

Қанатты әлем

Біліп жүр!

  • Жирафқа қарағанда торғайдың омыртқасы екі есе көп көрінеді.
  • Айналасындағы заттарға екі көзімен бірдей қарай алатын құс үкі ғана.
  • Құстың ең қырағысы — сұңқар. Ол бір шақырым қашықтықтан титімдей жәндікті көреді.
  • Құстардың ішіндегі ең жүзгіші — пингвин. Ол сағатына 30 шақырымға дейін жүзе алады.
  • Дүниеде Күн көзіне тура қарай алатын құс тек бүркіт көрінеді.
  • Қанаттары алтын сияқты жылтырап тұратын ырзаңқа деп аталатын құс Атлантика мұхитынан жылына екі рет ұшып өтеді екен.

Жеткерген ҚОЖАБАЕВА,

С.Оразалин атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы.

Аралтоғай ауылы,

Әйтеке би ауданы.

Отан

Ұланымын елімнің

Туған жерім — гүл көктем тұнып жатқан,

Дариға-дәурен жанымды жырға бөлеп,

Анамыздай аялап нұрын шашқан, — деп ақын аталарымыз жырлағандай, бәріміз туған жерімізді жақсы көреміз. Әр адамның туған елі өзіне ыстық.

Менің Отаным, туған жерім — Қазақстан. Елімнің заңғар таулары, сылдырап аққан өзен-көлдері, ұшан-теңіз сары даласы баға жетпес асыл қазына деп санаймын. Тіпті, жүгірген аң, ұшқан құс та өз мекенін тастап кетпейді.

Туған жер — кез келген адамның кіндік кескен алтын ұясы, құтты қонысы. Сондықтан оны сүймейтін, құрметтемейтін адам кемде-кем. Мен де мәртебесі биік, көгінде көк байрағы желбіреген, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, әлемді мойындатқан елімді сүйемін. Осындай тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. Бүгінгі өміріме, өз ортама ризашылықпен қарай отырып, ертеңгі өмірімнің жарқын боларына сенімім мол.

Жас ұрпақтың білім алуына, денсаулығына жағдай жасап, ұлтының болашағын ойлап жүрген аға-апаларымыз бен ел ағаларының ерен еңбектері елдігімізді нығайта түсуде. Елдікті білімді ұрпақ қана жалғай алады. Ендеше сол білімді ұрпақтар қатарында мен де бармын.

«Ел ертеңі — жастар» демекші, Қазақстанның болашағы жарқын болуына мен де өз үлесімді қосып келемін. Осы орайда келешекте елімнің мәртебесі мен мерейін көтеру үшін жан-жақты білім, тәлім-тәрбие алып, мектептен тыс шараларға, үйірмелерге қатысамын.

Ендігі менің алға қойған мақсатым — алтын ұя мектебімнен алған білімімді жалғастырып, мемлекетіміздегі жоғары оқу орындарының біріне түсіп, оны сапалы біліммен аяқтап, туған елім Қазақстанның болашағына өз үлесімді қосу.

Бүгінгі дүниеде жеке адам үшін де, бүкіл қоғам үшін де ең басты қажеттілік білім екенін ескере отырып, Қазақстанның әрбір азаматы білімді болса, мемлекетіміздің мерейі үстем, мәртебесі биік, тұғыры мықты болары сөзсіз. Елімнің еңсесі биік болып, тәуелсіздігіміз дәйім мықты болғай.

Зварзат РЫСМАҒАНБЕТОВА,

оқушы.

Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйі.

Оқушының өлеңі

Шәкәрім

Шәкәрімнің мұралары — мәңгілік,

Тұрар дәйім есімі тек жаңғырып.

Өлеңдерін әрбір заман ылғи да

Сый етеді әр ұрпаққа қалдырып.

Бізді шыңға жетелейді өлеңі,

Төбемізден дәйім шуақ төгеді.

Ұлағатты өсиеттік сөздерін

Біздерге ол қалдырған ғой, себебі.

Ақниет ТҮКТІБАЕВА,

Бершүгір орта мектебінің оқушысы.

Шалқар ауданы.

Өмір

Өмір деген — ақ арман,

Ал адассаң — қара орман.

Жүре алмасаң дұрыстап,

Жылан болар оралған.

Білім керек өмірде

Аттау үшін қамалдан.

Ұғу керек өмірді

Безу үшін залалдан.

Қиындықты адамзат

Жеңу үшін жаралған.

Шынболат ҚУАҢБАЙ,

Благодар орта мектебінің оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Он дерек

…Қашан пайда болды?

  • Бүкіләлемдік өрмек (WWW) — 1989 жыл. Тим Бернерз-Ли. Ұлыбритания.
  • Механикалық есептеу машинасы — 1623 жыл. Вильгельм Шикард. Германия.
  • Электрондық, цифрлы есептеу машинасы — 1939 жыл. Джон В. Атанасофф, Клиффорд Э.Берри. АҚШ.
  • Тоқу машинасы — 1589 жыл. В.Ли. Англия.
  • Газет — біздің заманымызға дейінгі 59-шы жыл. Юлий Цезарь. Рим.
  • Газды су (алкогольсіз) — 1772 жыл. Джозеф Пристли. Ұлыбритания.
  • Газбен жарық түсіру — 1792 жыл. Уильям Мэрдок. Ұлыбритания.
  • Көгалшапқы (Газонокосилка) — 1902 жыл. Джеймс Эдвард Рэнсом. АҚШ.
  • Бензинді көгалшапқы — 1940 жылдың шамасы. Леонард Гудолл. АҚШ.
  • Галстук — ХҮІІ ғасыр. Хорватия.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button